
Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен Қызылорда қалалық мәслихаты атынан құттықтаймыз!
Бұл мереке – ел бірлігінің, татулық пен келісімнің айқын көрінісі. Бірлігі жарасқан халық қана биік белестерді бағындырып, жарқын болашаққа нық қадам жасайды.
Бүгінде Қызылорда қаласы қарқынды дамып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті арта түсуде. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен, облыс әкімінің бастамасымен қалада жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, білім беру, спорт, әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандары салынып, жол және инженерлік инфрақұрылым жаңартылуда. Кәсіпкерлік саласы дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың әл-ауқаты артып келеді. Бұл – ең алдымен, қала тұрғындарының бірлігі мен тиянақты еңбегінің нәтижесі.
Ортақ мақсат пен мүдде жолында біріге білген жұртшылықтың арқасында Қызылорда қаласы алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жете беретініне сенім мол.
Осы айтулы мерекеде әр шаңыраққа амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын. Халқымыздың ынтымақ – бірлігі арта берсін!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы
ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1212187?lang=kk

Жауап қалдыру