Сайлау комиссиялары мүшелерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы республикалық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – референдум науқаны барысында белсенділік танытып, жауапкершілікпен қызмет атқарған сайлау комиссиялары мүшелеріне құрмет көрсету және олардың еңбегін бағалау.
Салтанатты жиын барысында референдум өткізу кезеңінде комиссия мүшелері жоғары кәсібилік, жауапкершілік және азаматтық ұстаным танытып, ел алдындағы маңызды міндетті абыроймен атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ әрбір сайлау учаскесінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, дауыс беру процесінің ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуіне зор үлес қосқандары үшін алғыс білдірілді.
Марапаттау рәсімі аясында бірқатар комиссия мүшелері: Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1212520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді