
Санкт-Петербург, 2026 жылғы 29 сәуір — Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне орай білім беру мекемелері мен Ленинград облысы Кириш ауданы Әкімшілігі өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Садық Жұмабаев атындағы «Пчев орта жалпы білім беру мектебі» мен Санкт-Петербургтің Красногвардейск ауданындағы Әлия Молдағұлова мұражайы орналасқан №140 орта мектептің кітапхана қорларына ұлы қазақ ақыны, философ әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың іргелі еңбектері мен шығармалары, сондай-ақ қазақ ертегілерінің жинақтары сыйға тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1211838?lang=kk

Жауап қалдыру