САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай кең ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Аудан орталығы Сарыағаш қаласындағы орталық саябақта өткен салтанатты жиын барысында алдымен әр этнос өкілдері ұйымдастырған ұлттық мәдени көрмелер көпшілік назарына ұсынылды. Аталған көрмеде түрлі халықтардың салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары таныстырылып, мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Одан кейін аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылып, жиналған қауымға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, аудандық «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шермат Ибрагимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Арапбаев және аудан тұрғындары қатысты.

 

Салтанатты жиында Алдияр Қозыбаев жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, аудан көлемінде ұйымдастырылған «Спорт – денсаулық кепілі!» марафоны мен «Достық дастарханы» атты аспаздар сайысының жеңімпаздарын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ демеушілер есебінен ұсынылған бағалы сыйлықтарды табыстады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1212775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді