
Сарыағаш ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай орталық саябақта «Достық дастарханы» атты аспаздар сайысы ұйымдастырылды.
Мерекелік шара аясында өткен сайысқа түрлі этнос өкілдерінен құралған 10 аспаз қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды. Қатысушыларға 2 келі күріштен палау әзірлеу тапсырылып, олардың тағам дайындаудағы кәсіби деңгейі, ұлттық ерекшеліктерді сақтау шеберлігі және дәм сапасы жан-жақты бағаланды.
Тәжірибелі мамандардан құралған әділқазылар алқасының шешімімен І орынды Сарыағаш қаласынан Ушуров Ғанижанға, ІІ орынды Ақжар ауылдық округінен Тәнір Мақсұтқа, ІІІ орынды Құркелес ауылдық округінен Абсаматов Зохиджон иеленді. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев құттықтап, арнайы дипломдар мен тұрмыстық техникалардың сертификаттарын табыстады.
Айта кетсек, аталған іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға топтастырып, ел ішіндегі татулық пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1212772?lang=kk

Жауап қалдыру