Серік Құдабай Тучное және Дорогинка ауылдарындағы су өткізу құрылыстарын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Серік Құдабай жұмыс сапары аясында Тучное және Дорогинка ауылдарындағы су өткізу құрылыстарын қарап шықты. Тексеру барысында нысандардың су тасқыны кезеңінде жоғары тиімділік көрсеткені атап өтілді: су өткізу қабілеті қажетті талаптарға сәйкес келеді, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Қарау қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты қызметтерге аудан аумағындағы барлық су өткізу құрылыстарын тиісті деңгейде күтіп ұстауды және уақытылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді, оларды әрдайым жарамды, әрі қауіпсіз жағдайда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1211941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді