Шара Жиенқұлованың шығармашылық мұрасына арналған «BIRLIK» би ансамблінің концерті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «BIRLIK» би ансамблінің «BIRLIK – ЕДИНСТВО» атты концерті өтті. Шығармашылық кеш Қазақстан халқының бірлігі күні және Халықаралық би күніне орай, сондай-ақ қазақ би өнерінің негізін салушы Шара Жиенқұлованың шығармашылық мұрасына арналды.

Кеш барысында көрермен назарына түрлі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрін танытатын хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Бағдарламада қазақ, орыс, тәжік, өзбек, түрікмен және өзге де халықтың билері болды. Әрбір нөмірде қимыл-қозғалыстың дәлдігі, музыкалық сүйемелдеудің ерекшелігі мен сахналық киімдердің үйлесімі айқын көрініс тапты.

Концертке «Гүлдер» ансамблінің балет труппасы, «Наз» мемлекеттік би театры, «Вайнах» ансамблі, Үнді мәдени орталығы және «Нұрсәулемай» хореографиялық мектебінің ұжымы қатысты.

«BIRLIK» би ансамблі – әлем халқының биін кәсіби деңгейде зерттеп, жанды музыкалық сүйемелдеумен орындайтын халықаралық ұжым. Ансамбль өнерпаздары өз шығармашылығы арқылы өскелең ұрпаққа әртүрлі ұлттың өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрін танытып келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1212752?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді