
2026 жылғы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың велосипедтер мен самокаттарды басқару кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларда жол жүрісі қағидаларын сақтаудың орнықты дағдыларын қалыптастыру болды.
Акцияға 4-7 сынып оқушылары, сондай-ақ облыстың орта мектептері жанынан құрылған жас жол инспекторлары клубтарының мүшелері қатысты, қамтылуы 1000-нан астам оқушыны құрады.
Прокуратура полициямен және білім бөлімдерімен бірлесіп велосипедтер мен самокаттарды қауіпсіз басқару бойынша тәжірибе сабақтар ұйымдастырды. Оқушыларға жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық үлгілері көрсетілді, сондай-ақ интерактивті оқыту элементтері ұсынылды.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзінің, сондай-ақ айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1212420?lang=kk

Жауап қалдыру