Тәртіп тазалықтан басталады: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзу жолдары жүйелі түрде кесілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәртіп тазалықтан басталады: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзу жолдары жүйелі түрде кесілуде

Шығыс Қазақстан облысында елдімекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, абаттандыру қағидаларын сақтауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі негізде өткізілуде.

Акция аясында 16 мобильді топ жұмыс істеуде. Олардың құрамына аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Жедел басқару орталығының мамандары кіреді. Қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және заңсыз қоқыс үйінділерін қалыптастыру деректерін анықтау мен болдырмауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Өткізілген жұмыс кезеңінде 22 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Атап айтқанда, 2026 жылдың басынан бері 2000-нан астам құқықбұзушылық фактілері анықталды, оның ішінде:

  • «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бабы бойынша;
  • «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша.

Бақылау тиімділігін арттыру мақсатында бейнебақылау жүйелері кеңінен қолданылуда. Облыс аумағында 135 камера жұмыс істейді, олардың көмегімен 1 032 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Тіркеу және әрекет ету шаралары Жедел басқару орталығының қатысуымен жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың атына 354 ұсыныс жолданды. 

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тұрақты бақылауында.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1212376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді