Тегін құқықтық көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халыққа тегін заң көмегін көрсету аясында, Алматы облысының Жеке сот орындаушылары палатасының, Талғар ауданының жеке сот орындаушысы А.Дуйсенгалиевамен, Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің «Отбасын қолдау орталығында» азаматтарды қабылдау өткізілді.

Кездесу барысында азаматтар атқарушылық іс жүргізу, алимент өндіру, сот шешімдерін орындау, сондай-ақ түсіндіруді қажет ететін өзге де құқықтық мәселелер бойынша білікті консультациялар алды.

Мұндай қабылдаулар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдау көрсетуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1212714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді