
Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы профилактикалық жұмыстар аясында телефон арқылы жасалатын жалған терроризм актілерінің алдын алуға бағытталған ақпараттық бейнематериалдар циклін іске қосты.
Жобаның алғашқы бейнеролигі «жалған қоңыраулар», яғни жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы әдейі жалған хабарламалар беру тақырыбына арналған. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, қала тіршілігінің қалыпты ырғағын бұзады.
Материалда аталған іс-әрекеттердің ешқандай да «әзіл» еместігі, керісінше, олардың ауыр құқықтық салдарға, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндіріледі. Сондай-ақ бір ғана жалған хабарламаның өзі адамдарды жаппай эвакуациялауға, шұғыл қызметтердің айтарлықтай күштері мен құралдарын жұмылдыруға, әлеуметтік нысандар жұмысының бұзылуына себеп болатынына ерекше назар аударылады.
Алматы қалалық жедел штабында жобаның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және цифрлық әрі телефондық ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.
Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1211860?lang=kk

Жауап қалдыру