ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 75-і келісімшарт негізінде, ал 146-сы лицензия негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрғағалығымен өткен жиында айтылды. Сонымен қатар өңірдегі заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және анықталған «қызыл нүктелер» жайы талқыланды.
⤵️Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жұмысты жүйелеп, өзекті мәселелерді бірге шешу керек екенін жеткізді.
📌– Әрбір өзекті мәселенің артында халық, жергілікті кәсіпкер, облыс экономикасы тұр. Сондықтан бюрократиядан бас тартып, мәселені шешу керек. Заң аясында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіңіздер. Заңсыз қазылған «қызыл нүктелерге» тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, тиісті шаралар қабылдаңыздар. Апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартыңыздар, – деген Қанат Қайыпбек хаттамалық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтты.
🔰Жиында облыстық Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысы Нұрлыбек Исаев облыс аумағындағы жер қойнауын пайдалану бойынша жағдайды баяндады. Оның айтуынша, басқарма тарапынан ұсынылған есептерге талдау жүргізіліп, өз міндеттемелерін толық орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту беріледі. Кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, олардың қызметі тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар маркшейдерлік қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталып, тиісті келісімшарт жасалды. Осы жылдың мамыр айында Сайрам ауданындағы жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарына маркшейдер маманымен бірлесіп зерделеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
🔰Жер телімдерін рәсімдеу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар өңірде заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерінің алдын алу мақсатында жүргізілген зерделеу нәтижесінде 22 «қызыл нүкте» анықталды. Жүргізілген талдау нәтижесінде 15 «қызыл нүктенің» жер телімдері жеке тұлғалардың меншігінде екені, ал қалған алтауы аудан әкімдіктерінің ортақ жайылым жерлеріне тиесілі екені анықталды.
🔰Жиын барысында облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы бойынша тиісті мекемелер қосымша баяндады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1212602?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді