
Түркістан қаласында «Ұлттың ұлылығы – ұрпағының рухани биіктігі» атты қалалық танымдық-шығармашылық байқау өтті.
Байқауға қала мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысып, оннан астам команда өзара бақ сынасты.
Мәдени шара Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Жақсыбек Бейсеновтің 90 жылдық мерейтойына арналды.
Жиында қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков сөз сөйлеп, мерейтой иесіне құрмет көрсетілді.
Жақсыбек Бейсенов 1936 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарының қиын кезеңімен тұспа-тұс келіп, жастайынан еңбекке араласқан. Әкесі соғыстан оралмай, жетімдік пен жоқшылықты көріп өскеніне қарамастан, білім алып, еңбек жолын есепшілік қызметтен бастаған. Кейін түрлі жауапты қызметтер атқарып, ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Ұзақ жылғы еңбегі жоғары бағаланып, мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1211851?lang=kk

Жауап қалдыру