
2026 жылдың 20 сәуір күні сағат 22:45 мөлшерінде Күршім балық инспекция бөлімінің қызметкерлері, Күршім ауданы бойынша табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері және ШҚО бойынша жедел қимыл отрядының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Бұқтырма су қоймасының «Ақ будка» телімінде Күршім ауданы Алғабас ауылының тұрғыны 1994 жылы туылған К.А. балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көктемгі уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде заңсыз түрде балық аулағаны үшін ұсталған. Тексеру барысында оның ВАЗ 2121 маркалы автокөлігінен 74 кг. сазан балығы, 1 дана комбинезон тәркіленіп алынды.
Балық қорына келтірілген залал 624 097,5 тенге.
Аталған дерек бойынша Күршім АПБ-ның Тергеу бөлімімен Қазақстан Республикасының ҚР ҚК 335 бабы, 1 бөлігі, 1 тармағымен 21.04.2026 жылы қылмыстық іс қозғалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін жасалған іс-әрекеттер үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/1211937?lang=kk

Жауап қалдыру