
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазығұрт ауданында облыстық «IT Jas IQ» атты робототехника байқауы өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдің жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан келген 8-11 сынып оқушылары қатысып, өзара бақ сынады. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту, робототехника мен бағдарламалау саласына қызығушылығын арттыру және шығармашылық әлеуетін шыңдау.
Іс-шараның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Мансия Есекеева, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай, сондай-ақ облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау «FIRST LEGO League Challenge UNEARTHED» тақырыбы аясында өткізіліп, қатысушылар мұхиттарды зерттеу, экология және археология бағытында тың идеялар мен инновациялық жобаларын ұсынды. Жарыс барысында қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде І орын «Qazygurt» командасына бұйырса, ІІ орынды «Shardara Daryn» командасы қанжығасына байлады. Ал, Қазығұрт ауданының «Sunkar Q» командасы үздік үштіктен көрінсе, Созақ ауданының «RoboSozak» командасы төртінші орынға жайғасты. Бұл байқау жас өнертапқыштардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, техникалық білім мен инновацияға деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті. Сонымен қатар, қатысушыларға тәжірибе алмасуға және өзара байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В КАЗЫГУРТСКОМ РАЙОНЕ ПРОШЁЛ ОБЛАСТНОЙ КОНКУРС РОБОТОТЕХНИКИ
В Казыгуртском районе состоялся областной конкурс по робототехнике «IT Jas IQ». Соревнование было организовано учреждением «Молодёжный ресурсный центр», подведомственным управлению общественного развития Туркестанской области. В нём приняли участие учащиеся 8–11 классов из общеобразовательных и специализированных учебных заведений региона.
Основная цель мероприятия — развитие инженерного мышления у школьников, повышение интереса к робототехнике и программированию, а также раскрытие их творческого потенциала.
На церемонии открытия присутствовали руководитель управления Комитета по делам молодёжи и семьи Министерства культуры и информации РК Мансия Есекеева, заместитель акима Казыгуртского района Максат Беркинбай, а также директор областного «Молодёжного ресурсного центра» Ернар Бектаев. Они пожелали участникам успехов.
Конкурс прошёл в рамках темы «FIRST LEGO League Challenge UNEARTHED». Участники представили инновационные проекты и идеи в направлениях изучения океанов, экологии и археологии. В ходе соревнований команды прошли четыре этапа испытаний.
По итогам конкурса первое место заняла команда «Qazygurt», второе — «Shardara Daryn». В тройку призёров также вошла команда «Sunkar Q» из Казыгуртского района, а команда «RoboSozak» из Созакского района заняла четвёртое место.
Конкурс стал важной площадкой для раскрытия потенциала молодых изобретателей, способствовал развитию технических знаний и интереса к инновациям, а также дал участникам возможность обменяться опытом и установить новые связи.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1212464?lang=kk

Жауап қалдыру