
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Кентау қаласы аумағында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі “Хантағы-Қаратау” бағытындағы көпірді жаңғырту жобасы. Аталған жоба өңірдің жол қатынасын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында ұзындығы 54,2 метр, ені 6 метр болатын жаңа көпір салынуда. Сонымен қатар, 200 метр жол жабыны толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай абаттандырылмақ. Жол бойында жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылып, қауіпсіз қозғалыс жүйесі қалыптаспақ. Бұдан бөлек, көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қолға алынған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нысан басына арнайы барған қала әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылындағы инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Сонымен қатар, “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы аясында ауыл ішіндегі көшелерді орташа жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл Назаров, Қаратау және Иманов көшелерінде жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда жол негіздерін дайындау кезеңі аяқталуға жақын. Жоба жоспарына сәйкес, аталған көшелер толық жөндеуден өтіп, шілде айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
___________
В ГОРОДЕ КЕНТАУ ВЕДУТСЯ РАБОТЫ ПО МОДЕРНИЗАЦИИ ДОРОЖНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ
В городе Кентау продолжаются работы, направленные на улучшение дорожной инфраструктуры. Одним из ключевых проектов является реконструкция моста на направлении «Хантагы–Каратау». Реализация данного проекта позволит повысить транспортную доступность региона и обеспечить жителям безопасное и комфортное передвижение.
В рамках проекта ведётся строительство нового моста длиной 54,2 метра и шириной 6 метров. Кроме того, будет полностью обновлено 200 метров дорожного покрытия с приведением к современным стандартам. Также предусмотрено обустройство пешеходной дорожки и формирование безопасной системы движения. Параллельно ведутся работы по уличному освещению.
В настоящее время строительные работы ведутся в активном темпе. Аким города Жандос Тасов посетил объект и ознакомился с ходом реализации инфраструктурных проектов в селе Хантагы.
Помимо этого, в рамках программы «Ауыл – Ел бесігі» поэтапно проводится средний ремонт внутрипоселковых дорог. В текущем году начаты работы на улицах Назарова, Каратау и Иманова, где на данный момент завершается этап подготовки дорожного основания. Согласно плану, после полной реконструкции указанные улицы планируется ввести в эксплуатацию до конца июля.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1212461?lang=kk

Жауап қалдыру