
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Ақмола облысы аумағындағы Щучинск қаласында өткен ХІІІ жазғы Қазақстан оқушыларының гимназиадасында Түркістан қаласының намысын қорғаған жас спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, баскетболдың 3×3 түрі бойынша U17 санатында чемпион атанса, ал шаһардың U13 құрамасы күміс медалға ие болды.
Айта кетейік, жеңімпаз және жүлдегер атанған барлық оқушылар Түркістан қаласындағы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясының оқушылары. Бұл – оқушылардың табандылығы мен еңбекқорлығының, сондай-ақ ұстаздары мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің айқын жемісі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
ТУРКЕСТАНСКИЕ БАСКЕТБОЛИСТЫ СТАЛИ ЧЕМПИОНАМИ РЕСПУБЛИКАНСКИХ СОРЕВНОВАНИЙ
На ХІІІ летней гимназии школьников Казахстана, проходившей в городе Щучинске на территории Акмолинской области, юные спортсмены, защищавшие честь города Туркестан, добились высоких результатов. В частности, они стали чемпионами в категории U17 по баскетболу 3×3, а сборная города U13 завоевала серебряную медаль.
Отметим, что все учащиеся, ставшие победителями и призерами, являются учащимися школы-гимназии №13 им. А.Науаи города Туркестан. Это результаты упорства и трудолюбия учащихся, а также профессионального мастерства их учителей и тренеров.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1212493?lang=kk

Жауап қалдыру