«ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛГЕН ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫНА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Кезекті отырысқа Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Ахметов және аудит объектілерінен кент, ауыл әкімдері мен есепшілері, мамандары қатысты.
Тексеру комиссиясының мүшесі С.Қ.Қармыс баяндама жасап, міндетті зейнетақы жарналарын мерзімінде аударылмау, әлеуметтік аударымдарды мерзімінде аударылмау, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері мерзімінде аударылмау, тауарларды қате шоттарға кірістеу, мемлекеттік сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, түгендеу бұйырықтарына материалдық жауапты қызметкерді комиссия мүшесі болып көрсетілуі, мемлекеттік сатып алуда жасалған шартты бағдарламалық қызмет көрсетуде тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің көрсетілген қызмет актісін кешіктіріп бекітуі және тағыда басқа рәсімдік сипаттағы барлығы 263 бірлік бұзушылықтарға жол берілгені анықталғандығын атап өтті.
Отырыс барысында Тексеру комиссиясының төрағасының міндетін атқарушы Н. Р. Қордабай мен комиссия мүшелері аудиторлық іс-шарасына байланысты тиісті бөлім басшылары мен есепшілеріне біршама сұрақтар қойылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін аудиторлық қорытындымен ұсынымдар мен тапсырмалық бөліктер қамтылған нұсқамалар орындауға жолданады.
Жауап қалдыру