Алатау ауданының төтенше жағдайлар басқармасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу туралы оқушыларға айтып берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алатау ауданының төтенше жағдайлар басқармасы Көкшетау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу туралы 204 мектептерде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында түсу тәртібі, қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі, өтініш беру мерзімі, сондай-ақ кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат ұсынылды.

Медициналық комиссиядан өтуге, дене шынықтыру дайындығын тексеруге және кәсібипсихологиялық іріктеуге ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ студенттерге Академияда тегін оқыту, нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету, тұру, тамақтану, стипендия алу және азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде одан әрі жұмысқа орналасу сияқты оқытудың артықшылықтары түсіндірілді.

Сонымен қатар, академияны бітіргеннен кейін мамандықтар, дайындық бағыттары және мансаптық өсу перспективалары туралы мәліметтер жеткізілді.

Оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға жауапкершілікпен қарау және Қазақстан Республикасының ТЖМ жүйесінде одан әрі қызмет өткеру үшін азаматтық қорғау Академиясына түсу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1212916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді