
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Jas Power: AI дәуіріндегі азаматтық сана» атты XXI республикалық студенттер слеті басталды. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500-ге жуық белсенді студент пен жас көшбасшы жиналды.
Үш күнге созылатын жиын барысында қатысушылар жасанды интеллект дамыған заманда жастардың қоғамдағы орны туралы ой бөліседі.
Іс-шара бағдарламасы рухани даму («Толық адам»), экологиялық сана («Таза Қазақстан») және құқықтық мәдениет («Заң мен тәртіп») атты үш негізгі бағытты қамтиды.
Форум аясында танымдық кездесулер, Jas Power Talks алаңы, зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстар, сондай-ақ Q-idea әлеуметтік жобалар байқауы ұйымдастырылады. Бұл байқауда қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, түрлі жобаларды ұсынатын болады. Сонымен қатар жастар «Тазалық жаршысы» экологиялық акциясына қатысады.
Форум ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтуде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1212873?lang=kk

Жауап қалдыру