Астанада LRT желісін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толықтай аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толық көлемде аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты, 5 мамырға дейін барлық LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станция ғимараттарын тазалау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді одан әрі пайдалануға дайындау жұмысы жүргізіледі.

Бұл жұмыс LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1212885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді