
2026 жылдың 30 сәуірінде Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерлету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өткізді.
Аталған іс- шараға Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, білім беру мекемелерінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағалары (төрайымдары) және мектеп басшылары қатысты
Конференцияның мақсаты: білім беру жүйесінде заң үстемдігі қағидатын сақтау, білім беру ұйымдарының қызметін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтардың құқықтары мен міндеттерін нақты айқындау мәселелерін талқылау.
Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды:
1.Қабылданған жаңа Конституция аясында педагог мәртебесі мен оның құқықтық қорғалуы
2.Білім беру мекемелеріне жүргізілетін мемлекеттік аттестаттаудың жаңа ережелері.
Конференцияға 100 директор және білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің 100 төрағасы қатысты. Іс-шара барысында орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің қызметін ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының сақталуы мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty-district/press/news/details/1212880?lang=kk

Жауап қалдыру