
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара Еңбекші ауданы әкімдігінің қолдауымен, қоғам белсенділері мен өнер ұжымдарының қатысуымен өтті.
12-шағынауданда орналасқан саябақ соңғы жылдары қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймағына айналған. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, демалыс орындықтары, балалар және спорт алаңдары, заманауи жарықтандыру жүйесі қарастырылған.
Мерекелік бағдарлама саябақ аумағындағы арнайы концерттік алаңда өтті. Іс-шара барысында қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Жандос Жорахан өз сөзінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, еліміздегі этностар арасындағы өзара құрмет пен татулық қоғам бірлігінің берік негізі болып табылады.
Концерттік бағдарлама аясында ардагерлер хоры мен «Қызғалдақ» орталығының өнерпаздары өнер көрсетті.
Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімнің айқын көрінісі ретінде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1213010?lang=kk

Жауап қалдыру