
Абай облысының аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында балық ресурстарын қорғау, олардың табиғи көбею кезеңін сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Нерест” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара шеңберінде Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жүзеге асыруда.
Іс-шараның негізгі міндеттері: – балық ресурстарына және қоршаған ортаға зиян келтіретін заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу; – табиғи су айдындарында балықтың уақтылы көбеюіне қолайлы жағдай жасау; – экологиялық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жолын кесу.
Қазіргі уақытта 30-дан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Осыған байланысты азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, су айдындары мен орман-далалық аумақтарда табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1212889?lang=kk

Жауап қалдыру