
Қаратау ауданының аумағында қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда.
Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан «New City» тұрғын үй кешенінің қасбеті заманауи жарықтандыру жүйесімен жаңартылды. RGB технологиясымен жабдықталған жарықтандыру кешкі уақытта үйлердің сыртқы келбетін айшықтап, эстетикалық тартымдылығын арттыра түсті.
RGB жарықтандыру – бір шам арқылы мыңдаған түс реңкін көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи технология.
Жалпы, ауданда 2026 жылғы жоспар бойынша көп қабатты үйлердің қасбеттерін жарықтандыру жұмысы толық көлемде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама қаланың түнгі келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оң әсерін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1213004?lang=kk

Жауап қалдыру