
Түркістан қаласында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көшелерде уақытша көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, Әуежай тас жолы мен Шымкент тас жолы қиылысындағы айналма жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай, көрсетілген аумақта жол қозғалысы толықтай жабылады.
Жөндеу жұмыстары 30 сәуір сағат 20:00-ден бастап 2 мамыр сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Абылай хан көшесінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты 1 мамыр күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін аталған аумақта да көлік қозғалысы толық шектеледі.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1212926?lang=kk

Жауап қалдыру