Құрметті отандастар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Аталған мереке – өзара құрмет пен келісімнің, татулық пен тұрақтылықтың символына айналды.

Халқымыздың ынтымағы уақыт сынынан өтіп, өз бекемдігін дәлелдеп келеді. Елімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен этнос өкілдерінің біте қайнасып, мәдениеттердің тоғысуы мен бір-біріне деген сыйластығы мерекенің негізіне айналды.

Бейбітшілікті ту еткен отандастарымызды еңбекқорлық пен жасампаздық, қамқорлық пен жанашарлық сынды ізгі қасиеттер мен ортақ құндылықтар біріктіреді. Осы ырыс-ынтымақты көздің қарашағындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан айтулы мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!

Еліміз тұрақты, халқымыз ынтымақты болсын!  

 

Ізгі тілекпен,  Қаржы министрі

Мәди Такиев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1212990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді