
“Шыңға өрлеу” әлеуметтік клубының Әуезов ауданы бойынша № 2 бөлімшесінде “1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне” арналған терең тәрбиелік мәні бар, адамдар арасындағы қарым қатынастың достығы мен ынтымағын паш ететін, ұлт өкілдеріне құрметке тәрбиелейтін іс-шара өтті.
1 мамыр — бұл мереке бізге бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудің маңыздылығын еске салады, мәдени әр түрлілікті бағалап, мейірімділік пен сыйластық атмосферасын сақтауға үндейді. Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілер Қазақстан халықының әр түрлі дәстүрлері туралы айтып, өз білімдерімен бөлісіп, пікірталасқа және шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты.
Бұл мереке әрдайым бізді игі істерге шабыттандырып, достықты нығайтып, бәріміздің ортақ тарихымыз бен жарқын болашағымыз бар біртұтас халық екенімізді еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1212876?lang=kk

Жауап қалдыру