«Skills for geeks» – 2026 облыстық IT-чемпионатының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ” Örken ” Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 8 сәуірде 10+ және 14+жас санаттарында “Бағдарламалау” және “3D модельдеу” құзыреттіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы “Skills for geeks” облыстық чемпионатын өткізді.

Чемпионат оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ оларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды М. Дәуленов атындағы мектеп-интернатының оқушылары Аленов Алишер мен Айдарұлы Досым “3D-модельдеу” құзыреттілігінде иеленді, жас санаты 14+:

Құзыреттер бойынша жалпыкомандалық  марапаттау рәсімі 2026 жылғы мамырда “New Generation” 13-ші жыл сайынғы облыстық IT-фестивалі шеңберінде өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен, ал Чемпионаттың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады.

Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zaysan-roo/press/news/details/1212895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді