Талдықорған қаласында ауқымды технологиялық марафон – «Digital Regional Hackathon» сәтті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара еліміздің 10 өңірінен келген жас инноваторларды біріктіріп, цифрлық шешімдерді дамыту мен IT саласындағы мамандарды қолдауға арналған маңызды алаңға айналды. Ұйымдастырушы — АКФ «ПИТ» филиалы, IT-HUB Jetisu Digital.
Хакатон барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, Smart City тұжырымдамасын дамытуға және халыққа арналған цифрлық сервистерді жетілдіруге бағытталған инновациялық IT-өнімдер әзірлеумен айналысты. Командалар тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен офлайн форматта қарқынды жұмыс істеп, Жетісу облысының өзекті мәселелерін шешуге арналған прототиптер ұсынды.
«Digital Regional Hackathon» тәжірибе алмасуға, кәсіби дағдыларды көрсетуге, жаңа мүмкіндіктер табуға және өңірдің цифрлық экожүйесін дамытуға нақты үлес қосуға мүмкіндік берген тиімді алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1212985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді