Түркістанда полицейлер электросамокаттарды пайдалану тәртібін тұрғындарға түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Алмасбайұлы “Jet” самокат қызметінің өкілдерімен кездесіп, қала аумағында электросамокаттарды пайдалану тәртібі, паркинг қағидалары, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жалпы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда қалада 100 “Jet” самокаты бар, олар негізінен орталық көшелерде орналасқан. Осыған байланысты самокаттардың дұрыс қойылуы, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ самокат жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қарастырылды. Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, түсіндіру жұмыстарын күшейтуге келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1212967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді