ТЖМ табиғатта және су жағасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Жылы күндердің және өрт қауіпті маусымның басталуымен табиғи өрттердің туындау қаупі артады. Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және ашық отты пайдалануға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 Сенбіліктерді өткізу, үй маңындағы аумақтарды, бақша және саяжай учаскелерін тазалау кезінде ерекше сақ болу керек. Құрғақ, ыстық және желді ауа райында от пен қоқыстарды жағуға тыйым салынады.

  Ауа райы қолайлы болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда және тұрақты бақылауда от және қалдықтарды жағуға жол беріледі.

  Мангалды (барбекю, гриль) ғимараттар мен құрылыстарға дейін 10 метрден жақын емес қашықтықта пайдалануға рұқсат етіледі, сондай-ақ орынды өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау қажет.

  ТЖМ еске салады:

  • сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді, оттарды тастамаңыздар;
  • құрғақ шөпті өртемеңіздер;
  • үйдің немесе саяжайдың аумағын құрғақ шөптер мен жанғыш қоқыстардан үнемі тазалаңыздар;
  • балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.

  Егер өрт белгілері анықталса, 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыздар.

  Сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске саламыз. Балаларды су маңында, әсіресе күн жылынған кезеңде және табиғат аясында белсенді демалыс кезінде қараусыз қалдырмаңыз.

 Азаматтарды жауапкершілік танытуға, өз өмірі мен жақындарының өмірін сақтауға, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1212962?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді