
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уинвеситетінде бітіруші курс білім алушылары мен жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 80-ге жуық мекеме қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Оның қатарында полиция бөліністері, медициналық мекемелер, білім ошақтары, өнеркәсіп орындары сынды т.б. мекемелер бар.
Түркістан облысы Полиция департаменті тарапынан шараға Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Нариман Батаев пен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Өз кезегінде полиция полковнигі Нариман Ерқанатұлы полиция мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау мен іріктеу талаптары жөнінде атап өтіп, жас мамандарға арналған бағдарламалар, оқыту мен қолдау жүйелері жайлы таныстырды. Сонымен қатар полицей болудың артықшылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталып, жас мамандарды бірлесіп қызмет атқаруға шақырды.
400-ге жуық жас маманды қамтыған шарада полицейлер қазіргі күннің өзекті тақырыбына айналған интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында да кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтану жолдары, жеке деректерді қорғау шаралары ескертілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1213056?lang=kk

Жауап қалдыру