
Астанада Бірлескен музейлер дирекциясы «Таза Қазақстан. Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акция барысында Жерұйық саябағындағы генерал И. Панфиловтың ескерткіші мен оның айналасы тазартылып, ретке келтірілді.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аудару.
«Біз бүгін тек аумақты тазалап қойған жоқпыз, әр адамның санасында тазалық пен жауапкершілік ұғымын жаңғыртуға үлес қостық. Мұндай бастамалар еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғи байлықтарды сақтауға және келер ұрпаққа таза орта қалдыруға негіз болады. Әр азамат табиғатты қорғауды жеке міндеті ретінде қабылдағанда ғана біз таза әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз», – деді дирекция әдіскері Азамат Серікұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1213091?lang=kk

Жауап қалдыру