
Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің ұйымдастыруымен Астаналық гарнизонның мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлеріне қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында жеке құрам арасында заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік тәртіп пен моральдық-этикалық нормаларды ұстану, жауапкершілікті арттыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, психологиялық тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті ақпарат жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1213060?lang=kk

Жауап қалдыру