Бейбітшілік – ел тірегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жібек жолы ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында аудан көлемінде этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және арнайы сый-сияпаттармен марапатталды. Бұл – ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған еңбектің лайықты бағалануы. Мерекелік жиын барысында достық пен ынтымақтың маңызы кеңінен насихатталып, көпұлтты қоғамдағы өзара сыйластық пен бірліктің жарқын үлгісі көрсетілді. Іс-шара қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ортақ құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты. Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйіне қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтілді Осындай игі бастамалар ел бірлігін бекемдеп, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1213035?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді