
Жібек жолы ауданы, Құмшағал шағын ауданында Құмшағал жастарының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай кикбоксингтен спорт шебері Жақсылық Хасеновті еске алуға арналған спорттық іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Шара барысында футбол, арқан тарту, гир көтеру, күрес сияқты спорт түрлерінен тартысты жарыстар өтіп, қатысушылар өздерінің мықтылығы мен төзімділігін көрсетті.
Іс-шараға аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады. Жарысқа ауданның белсенді спортшылары, жаттықтырушылар және қонақтар қатысып, Жақсылық Хасеновтің спорттағы еңбегі мен есімін ұлықтады.
Қатысушылар оның ел спортының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, жас буынға үлгі ретінде дәріптеді. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1213040?lang=kk

Жауап қалдыру