
Атырау облысы Жылыой ауданында шамамен 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.
Жылыой ауданының Теңіз қалашығында көші-қон қызметі қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру мақсатында кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды. Оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Азаматтарға елімізде болу талаптары мен мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиісті шаралар қабылдануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/migration/press/news/details/1213102?lang=kk

Жауап қалдыру