Ең мейірімді рекорд: ШҚО-да иттермен ауқымды серуен өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс орталығындағы «Шешек» тауының маңында басталған серуенге үй жануарларымен бірге бірнеше қатысушы жиналып, Қазақстан рекордын орнату ниетін білдірді.

Төрт сағаттық серуенге 120-дан астам адам алдын ала тіркелсе, іс-шара басталғанда шамамен 150 қатысушы жиналды. Олардың көпшілігі отбасыларымен және үй жануарларымен бірге келді. Қатысушылар мұндай бастамалар балалар үшін ерекше маңызды екенін айтып, иттерге деген қамқорлық пен дұрыс көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жануарларға гуманистік көзқарас қалыптастыру жөніндегі айтқан ойларымен үндеседі.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың қоғамдағы жануарларды эвтаназиялау туралы заң төңірегіндегі пікірталастар аясында ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Осындай ізгі бастамалар арқылы жауапкершілік пен қамқорлық мәдениеті нығая түседі.

Осындай кездесулер Шығыс Қазақстанда жыл сайын ұйымдастырылп келеді, алайда биыл іс-шара ерекше ауқымда қолға алынып, рекорд орнату ұсынылды.

Қазақстан рекордтар кітабына тіркеу үшін өтінім редакциялық комиссияға жолданып, қатысушылар санын растайтын фото және бейнематериалдар қоса жіберіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1213147?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді