Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ғасырлық тойына арналған айтыста Президенттің құттықтауын оқып берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде «Бес асыл» Республикалық ұлттық өнер сайысы аясында қазақтың көрнекті ақыны, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған
Ақтөбе мен Қостанай облыстарының командалық айтысы өтіп жатыр.

Ауқымды мәдени шараға еліміздің әр өңірінен келген айтыскерлер, зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер жұртшылық жиналды.

Айтыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойға арналған құттықтауы оқылды. Мемлекет басшысының лебізін көпшілікке облыс әкімі Асхат Шахаров жеткізді.

Құттықтау хатта Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі, оның шығармаларының халық жадында сақталып, бүгінгі күнге дейін кеңінен орындалып келе жатқаны атап өтілген.

«Бәкір Тәжібаев – ұлт руханиятының өрісін кеңейтуге елеулі үлес қосқан танымал тұлға. Ол музыкалық шығармалар мен жігерлі жырлар жазып, төл мәдениетімізді дамытуға зор еңбек сіңірді. Бірқатар пьесасы табысты сахналанып, дарынды драматург ретінде танылды.
Ардақты азаматтың өміршең өлеңдері сазды әндерге айналылып, ел ішінде кеңінен таралды. Әсіресе, «Әлия, «Бозторғайым», «Әдемі-ау» секілді теңдессіз туындылары жұртшылықтың жадында сақталып, әлі күнге дейін орындалып келеді.
«Туған жердің дөңі де – асқар, туған жердің әні де – асқақ» деп жырлаған перзентін ел-жұрты да ерекше құрметтейді. Осы тағылымдық мәні зор іс-шара – соның айқын дәлелі.
Бүгінгі жыр сайысында Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығы мен өнегелі өміріне қатысты салмақты сөздер мен салмақты ойлар айтылады деп сенемін», — делінген Президент құттықтауында.

Сонымен қатар, облыс әкімі өз сөзінде мерейлі дата аясында республикалық және өңірлік деңгейде бірқатар ауқымды іс-шара өткізіліп жатқанын тілге тиек етті. Олардың қатарында айтыс, ұлттық өнер фестивалі және тағы басқа іргелі жобалар бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1213141?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді