
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Арбат алаңында жас флористер мен дизайнерлер арасында өткен шығармашылық байқау өз мәресіне жетті. Қалас тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара жас таланттардың өнерін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.
Байқауға қатысушылар флористика және дизайн бағытындағы тың идеялары мен заманауи жұмыстарын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен бірге, театрландырылған көріністер, концерттік бағдарлама, фотокөрмелер, суретшілер аймағы және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ал көрермен қауымы шығармашылыққа толы алаңда уақыт өткізіп, ерекше атмосфераның куәсі болды.
Осылайша бұл байқау жас дарындарды қолдауға, шығармашылық индустрияны дамытуға және мегаполистің мәдени өмірін жандандыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1213122?lang=kk

Жауап қалдыру