
Қабылиса ауылдық округінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, түрлі қойылымдар арқылы бірлік пен достық идеясын насихаттады. Көрермендер жас өнерпаздардың өнерін жылы қабылдап, оларға қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, мерекелік кеште ұлттар достығы, татулық пен ынтымақ тақырыптары кеңінен дәріптеліп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтылып, бірлік пен берекенің қоғам үшін маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-kabylisa/press/news/details/1213827?lang=kk

Жауап қалдыру