
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шет ауданында ұлттаралық татулық пен достықты дәріптейтін «Бір шаңырақ астында» атты аудандық фестиваль ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаев сөз сөйлеп, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шара аясында ауданның мемлекеттік мекемелері мен бөлімдері, сондай-ақ ауылдық округтер мен кенттер белсенді атсалысып, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнері, ұлттық тағамдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қонақтарға әртүрлі этностардың ас мәзірі кеңінен таныстырылды.
Мерекелік концерттік бағдарлама аудан тұрғындары мен қонақтарына жоғары рухани көңіл-күй сыйлады.
Аталған шара қоғамдағы достық қатынастарды нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Фестиваль бірлік пен берекенің жарқын үлгісіне айналып, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1213413?lang=kk

Жауап қалдыру