Адал азамат – ел тірегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ынталы ауылдық округінде «Адал азамат – ел тірегі» атты тағылымы мол іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді дәріптеу, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азаматтардың өнегелі істерін насихаттау болды.

 

Іс-шараға 15 округтен келген аналар кеңесінің төрайымдары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында отбасы тәрбиесі, ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру, ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Кездесу барысында ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі атап өтіліп, олардың өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар адал еңбек пен бірлік бар жерде береке болатынын ерекше атап өтті.

 

Аталған іс-шара – қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтып, ел бірлігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1213724?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді