Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогі кезеңінің ашылу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында стенд атудан ISSF Әлем кубогі кезеңінің  ашылу рәсімі өтті.

Халықаралық турнир ел аумағында 2–11 мамыр күндері Халықаралық спорттық нысана көздеу федерациясының қолдауымен өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 43 елінен шамамен 550 спортшы мен ресми өкіл қатысуда.
Әлем кубогінің бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы трап, скит, сондай-ақ аралас командалық жаттығу — трап-микс енгізілген.

Салтанатты рәсімге Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Еуропа мергендер конфедерациясының президенті Александр Ратнер, спорттық нысана көздеу федерациясының президенті Берік Асылов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ спорт қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Александр Асанов атындағы мергендер клубының аумағында орналасқан жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы да өтті. Кешенде трибуналары бар көпфункциялы Final Hall ойын залы, бассейні бар спорт блогы, семсерлесу, жаттығу, сондай-ақ жабық пневматикалық тир залы бар. Жаңа нысан өңірдің спорттық инфрақұрылымын кеңейтіп, бірнеше спорт түрі бойынша спортшыларды даярлауға қосымша мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1213153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді