
Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бұған дейін жүргізілген мониторинг барысында құрылыс нысандарында санитарлық нормалар мен құрылыс талаптарының сақталмағаны анықталды.
Кәсіпкерлерге берілген ескертулерден кейін құрылыс ұйымдары қысқа мерзім ішінде құрылыс алаңдарын белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстарын бастап, нысандарды қоршау, сондай-ақ құрылыс аумақтары мен оған іргелес учаскелерді толық тазалау және құрылыс қалдықтарын жою шараларын қолға алды.
– Талапқа сай емес қоршаулар жаңартылып, қалпына келтірілуде. Шашылған құрылыс қалдықтары жиналып, аумақтар қоқыстан тазартылуда. Біздің мақсат – қаланың тазалығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Бегалы Хожахметов.
Қала әкімдігінің экологиялық бағыттағы тексерістері алдағы уақытта да жалғасын табады. Осыған орай, қала аумағындағы барлық кәсіпкерлерге өз нысандарының аумағының тазалығы мен абаттандырылуына тікелей жауапты екені ескертіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213941?lang=kk

Жауап қалдыру