
Ақтау қаласында өткен жылдың күзі мен 2026 жылғы көктем мезгілінде отырғызылған жасыл желектердің жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың тамыр жүйесін нығайту мақсатында кешенді агротехникалық шаралар жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар шеңберінде ағаш көшеттерінің жерсіну деңгейін арттыру, өсу қарқынын тұрақтандыру және сыртқы орта факторларына бейімделуін қамтамасыз ету көзделген. Осыған байланысты өсімдіктер тамыр жүйесін күшейтетін және жалпы физиологиялық жағдайын жақсартатын арнайы препараттармен өңделуде.
– Шынар ағашының жапырақтау кезеңі мамыр айында басталады. Қазіргі таңда ағаштарда бүршік жару үдерісі байқалады. Ал акация және ясин ағаштарының жапырақтары толық шыққан. Егілген жасыл желектерді өңдеу жұмыстары бекітілген агротехникалық талаптар мен нормаларға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар отырғызылған ағаштардың тіршілік қабілетін арттыруға, тамыр жүйесінің қарқынды дамуына және олардың толыққанды өсіп-жетілуіне оң ықпал етеді, – деді «Green City Aktau» ЖШС директорының орынбасары Ақжол Сандыбеков.
Еске салайық, қала аумағында 2025 жылдың күзгі ағаш егу маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін биіктігі 3,5 метрден асатын ағаштар отырғызылуда. Ағаштардың жерсінуін қамтамасыз ету мақсатында минералды және органикалық тыңайтқыштармен өңдеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213889?lang=kk

Жауап қалдыру