«Ашық есік күні» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 сәуірде Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласының №2 бөлімшесі ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға:
▫️ алимент өндіру
▫️ адвокаттар мен заң консультанттарының көмегіне жүгіну тәртібі
▫️ құқықтық сауаттылық көмек көрсету және шығындарды өтеу мәселелері
▫️ азаматтық хал актілерін тіркеу
салалары бойынша кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсету
Акцияға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокат, нотариус, ерікті заңгер, сондай-ақ жеке сот орындаушы қатысып, акцияға қатысушыларға құқықтық көмек көрсетілді Іс-шара азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапалы, ашық әрі тиімді форматта ұсынылуына мүмкіндік беріп, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап алуға жағдай жасады.
Кездесу барысында:
– заң талаптарын сақтау,
– азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернет алаяқтарының схемаларына алданбау жайында үгіт-насихаттар берілді.
– сот актілерін апелляциялық тәртіппен шағымдану жолдары кеңінен түсіндірілді.
Қатысушыларға мемлекет кепілдік берген заң көменін алуға құқығы бар тұлғаларға қатысты жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1213174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді