Астанада алдағы демалыс күндері дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Олимпиада чемпиондары мен әлемдік дзюдо жұлдыздары Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада 8-10 мамыр күндері дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Елімізде төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа дзюдо спортының майталмандары қатыспақ.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының татамиіне Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтингтің көшбасшылары шығады.

Байрақты бәсекеде мынадай дзюдошылар бозкілемге шығады: Рафаэла Силва (Бразилия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Фабио Базил (Италия) – Рио Олимпиадасының чемпионы, Барбара Матич (Хорватия) – Париж Олимпиадасының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Инал Тасоев – үш дүркін әлем чемпионы, Grand Slam турнирлерінің он дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ян Юн-Вэй (Тайбэй) – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Уилльян Лима (Бразилия) – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Мириам Буткерейт (Германия) – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан) – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Адиль Османов (Молдова) – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Джессика Климкейт (Канада) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Санне ван Дейке (Нидерланд) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері, Катрин Бошмен-Пинар (Канада) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Анна Монта Олек (Германия) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Болд Ганхайч (Моңғолия) – әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Кристиан Парлати (Италия) – әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға 1000, екінші орынға 700, үшінші орынға 500 ұпай беріледі.
Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.

Айта кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 2023 жылы қол қойған екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

Ал 2027 жылы Астана дзюдодан әлем чемпионатын өткізеді. Бұл еліміздің ірі халықаралық жарыстарды тұрақты түрде қабылдап, әлемдік дзюдо картасындағы беделін нығайтып келе жатқанын айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1213621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді