«Бірлігі жарасқан ел – Мәңгілік Қазақстан»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыланды ауылдық мәдениет үйінде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан — Қазақстан» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған шара барысында елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің өзара достығы мен татулығы кеңінен насихатталып, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызы ерекше атап өтілді. Мерекелік концерттік бағдарлама аясында әндер шырқалып, ұлттық билер орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Мерекелік кешке мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтар достығын тағы бір мәрте паш етті. Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1213248?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді